– Мектебімізде жыл сайын «Кітап-фест» жобасы жүзеге асып келеді. Бұл жобаның мақсаты жалпы мектеп қауымдастығының кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Биылғы «Кітап-фест» тақырыбы «Абай әлемі» ғылыми-танымдық жобасымен тұспа-тұс келгендіктен ақынның еңбектеріне арналып отыр», - дейді мектеп баспасөз хатшысы Әнуар ЖАМАНҚҰЛОВ.
Нұр-Сұлтанда Назарбаев Зияткерлік мектептерінің дәстүрлі «Үздік мұғалім – 2020» кәсіби байқауы аяқталды. Елордаға аймақтық турлар жеңімпаздары – пән мұғалімдері келді. Зияткерлік мектептердің үздік педагогтері оқытудың жаңа стратегияларын, көшбасшылық әлеуетін, IT-ресурстары мен сыни ойлауды қолдануды, ата-аналармен және оқушылармен ынтымақтастық орнатудың табысты алгоритмдерін және өзге де жетістіктерін көрсетті.
Атырау қалалық білім бөлімінің жылдық жоспарына сай, білім беру саласы қызметкерлерінің педагогикалық шеберлігін арттыру, үздік инновациялық педагогикалық тәжірибелерді жинақтап, кеңінен тарату, шығармашылық педагогтарды айқындау мақсатында 2020 жылдың 25 ақпанында «Қазіргі заманғы теориялық және тәжірибелік дағдылар-сапалы білім берудің негізі» тақырыбындағы қ алалық педагогикалық оқулар байқауы өткізілді.
2020 жылдың 28 ақпан күні Қалалық білім бөлімінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» олимпиадасы қалалық білім бөліміне қарасты №34 көпсалалы мектеп – гимназиясы базасында ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді.