Меню KDT

logo.jpg?_=1686148576

  • kz
  • ru
  • Все записи блога

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 64 Қаулысы бойынша білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты алу үшін қажетті құжаттар

    • Ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың не кәмелеттік жасқа жеткен білім алушының Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім беру ұйымы бірінші басшысының атына өтініші;
    • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға өтініш иесінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілілігін растайтын анықтама;

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 64 Қаулысы бойынша білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты алу үшін қажетті құжаттар:

    • Ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың не кәмелеттік жасқа жеткен білім алушының Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім беру ұйымы бірінші басшысының атына өтініші;
    • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға өтініш иесінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілілігін растайтын анықтама;
    • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға алынған табысы туралы алынған мәліметтер (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақысын, кәсіпкерлік және өзге де қызмет түрлерінен түсетін табыс, балаларға және асырауындағы өзге де адамдарға алименттер түріндегі табыс;
    • жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыда тәрбиеленетін балалар үшін қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы уәкілетті органның шешімі;

    төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру негізінде алқалы орган айқындайды. Көрсетілген санаттарға қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдау үшін қажет болған жағдайда алқалы орган қажетті құжаттарды сұратады.

    Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы

    23.06.2023
    0

    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки