Меню KDT

logo.jpg?_=1686148576

 

 
  • kz
  • ru
  • Мемлекеттік қызмет көрсету туралы регламент пен стандарт

    Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік са

     

    Қазақстан Республикасы Білім
    және ғылым министрінің
    2020 жылғы 14 мамырдағы
    № 202 Бұйрығына
    қосымша

     

    Қазақстан Республикасы Білім
    және ғылым министрінің
    2016 жылғы 27 қаңтардағы
    № 83 бұйрығымен
    бекітілген

     

     

    Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша, мамандандырылған және арнайы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында лауазымдарды атқаратын педагогтерді және білім және ғылым саласындағы өзге де азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша, мамандандырылған және арнайы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында лауазымдарды атқаратын педагогтерді және білім және ғылым саласындағы өзге де азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары (бұдан әрі - Қағидалар) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 139-бабының 7-тармағына, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша, мамандандырылған және арнайы білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында лауазымдарды атқаратын педагогтерді аттестаттаудан өткізу тәртібін айқындайды.
    2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

          1) апелляция - ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы берілетін ұлттық біліктілік тестілеу нәтижелерін қайта қарауға педагогтің сұрау салуы;

          2) аттестаттау комиссиясы - педагогтерді аттестаттау рәсімін жүргізетін уәкілетті алқалы орган (бұдан әрі - комиссия);

          3) апелляцияларды қарау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі – республикалық апелляциялық комиссия) – білім беру саласындағы уәкілетті орган құратын комиссия, ол педагогтер ұлттық біліктілік тестілеудің нәтижелерімен келіспеген жағдайда даулы мәселелер бойынша шешім қабылдайды;

          4) біліктілік санаты - осы Қағидаларда және Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) қағидаларында айқындалатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін педагогтердің кәсіптік құзыреттілік деңгейі;

          5) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен немесе өтініш жасамай жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;

          6) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;

          7) педагог - тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар және педагогтің білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, әдістемелік сүйемелдеу немесе білім беру қызметін ұйымдастыру жөніндегі кәсіптік қызметін жүзеге асыратын, "Педагог лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес көрсетілген лауазымдарды атқаратын тұлға;

          8) Ұлттық біліктілік тестілеу – білім беру саласындағы уәкілетті орган әзірлеген тестілер бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін айқындау мақсатында өткізілетін рәсім.

    2-тарау. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша, мамандандырылған және арнайы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында лауазымдарды атқаратын педагогтерді және білім және ғылым саласындағы өзге де азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу тәртібі мен шарттары

    1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша, мамандандырылған және арнайы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында лауазымдар атқаратын педагогтерді аттестаттау (бұдан әрі – педагог) мынадай кезеңдерді қамтиды:

           педагогтер үшін:

          1) Ұлттық біліктілік тестілеу;

          2) біліктілік санатын беру (растау) рәсімі;

          білім беру ұйымдары басшысының орынбасарлары үшін:

           1) біліктілік бағалау;

          2) қызметтің қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтау.

          білім беру ұйымдарының басшылары үшін:

          1) Ұлттық біліктілік тестілеу;

           2) біліктілік бағалау;

          3) қызметтің қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтау.

    1. Педагогтерді аттестаттау бес жылда кемінде бір рет, білім беру ұйымдарының басшыларын – "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 5-тармағына сәйкес үш жылда бір рет өткізіледі.
    2. Педагогтер аттестаттаудан өту үшін ұлттық біліктілік тестілеуді осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйымға өтініш беру жолымен тапсырады және ұлттық біліктілік тестілеуден электрондық форматта өтеді.
    3. Ұлттық біліктілік тестілеу педагог өтінішінде көрсетілген мерзімде өткізіледі.
    4. Педагогтердің өтініштерін қабылдау кемінде күнтізбелік 15 күн бұрын, білім беру ұйымдары басшыларының өтініштерін қабылдау тестілеу басталғанға дейін кемінде күнтізбелік 30 күн бұрын жүргізіледі.
    5. Ұлттық біліктілік тестілеуден өтуге өтініш берген кезде педагогтер тапсыру тілін (қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек, тәжік), күнін, уақытын таңдайды және білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйым дайындайтын ұлттық біліктілік тестілеуді өткізу жөніндегі нұсқаулықпен танысады.
    6. Ұлттық біліктілік тестілеу:

           1 (бір) рет – тегін,

          қайта 1 рет және сынақ (педагогтің қалауы бойынша) - күнтізбелік жыл ішінде ақылы негізде,

          білім беру ұйымдарының басшылары үшін - ақылы негізде тиісті күнтізбелік жылдың 1 айлық есептік көрсеткіші (АЕК) мөлшерінде өтеді.

    1. Өтініш деректер базасына енгізілгеннен кейін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеуге рұқсаттама беріледі.
    2. Ұлттық біліктілік тестілеу келесі тест тапсырмаларынан тұрады:

          1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері үшін:

          "Мектепке дейінгі педагогика және психология" - отыз тапсырма;

          "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі" - отыз тапсырма;

          2) Жалпы орта білім беру педагогтері үшін:

           "Педагогика, оқыту әдістемесі" - отыз тапсырма;

          "Оқу пәнінің мазмұны" - жетпіс тапсырма;

          Бастауыш білім беру педагогтері тестілеуді қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), әдеби оқу, математика пәндері бойынша тапсырады.

          3) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін:

          Жалпы білім беретін пәндер бойынша педагогтер:

           "Педагогика, оқыту әдістемесі" - отыз тапсырма;

          "Оқу пәнінің мазмұны" - жетпіс тапсырма;

          Арнайы пәндер бойынша педагогтер:

           "Педагогика, оқыту әдістемесі" - отыз тапсырма;

          "Қызмет бағыты бойынша" - жетпіс тапсырма;

          Өндірістік оқыту шеберлері:

          "Педагогика, оқыту әдістемесі" - отыз тапсырма;

          "Қызмет бағыты бойынша" - отыз тапсырма;

          4) Қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері үшін:

           "Психология негіздері" - отыз тапсырма;

          "Педагогика, оқыту әдістемесі" - отыз тапсырма;

          5) Әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері үшін:

           "Оқу пәнінің мазмұны" - жетпіс тапсырма;

          "Педагогика, оқыту әдістемесі" - отыз тапсырма.

          6) Білім беру ұйымдарының басшылары үшін:

          "Заңнаманы білу" бағыты бойынша - 80 (сексен) сұрақ;

           Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі - 20 (жиырма) сұрақ;

           "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексі - 20 (жиырма) сұрақ;

           "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы - 20 (жиырма) сұрақ;

           "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы - 10 (он) сұрақ;

           "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы - 10 (он) сұрақ;

          "Басқару құзыреті" бағыты бойынша - 20 (жиырма) сұрақ.

    1. Ұлттық біліктілік тестілеудің жалпы уақыты екі жүз он минутты, "Математика", "Физика", "Химия", "Информатика" пәндері үшін екі жүз қырық минутты құрайды.
    2. Ұлттық біліктілік тестілеуді өткізу операторы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі – ҰТО) болып табылады.
    3. ҰТО тест тапсырмаларының базасын әзірлейді. Ұлттық біліктілік тестілеуді ҰТО не білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйым өткізеді.
    4. Аудиторияға ұлттық біліктілік тестілеуін өткізудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін және әрбір педагогтің өткізу пункттеріндегі орны бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі.
    5. Осы Қағидалардың 19-тармағы бұзылған жағдайда заттарды табу және аудиториядан аудиторияда өзін-өзі ұстау ережесін бұзған педагогті шығару актісі және (немесе) осы Қағидаларға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша тестілеуге жалған тұлғаны анықтау актісі жасалады.
    6. Ұлттық біліктілік тестілеуді өткізу кезінде ережелерді бұзу фактілері анықталған, сондай-ақ қарау кезінде анықталған бейнежазбаны тапсыру мерзіміне қарамастан, акт жасалады және нәтижелердің күші жойылады.
    7. Педагог тестілеу өткізу пунктінің ғимаратына кірген кезде жеке басын куәландыратын құжат және рұқсаттама негізінде оның жеке басын сәйкестендіру жүргізіледі.
    8. Ұлттық біліктілік тестілеуді өткізу кезінде аудиториядан кезекшінің рұқсатынсыз және ертіп жүруінсіз шығуға, бір-бірімен сөйлесуге, бір орыннан орнына ауысуға, материалдармен алмасуға, аудиториядан материалдар шығаруға, аудиторияға кіргізуге және заттарды (оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттерді, цифрлық смарт-аппаратураны) пайдалануға жол берілмейді.
    9. Отырғаннан кейін тестілеу басталғанға дейін тестілеу кезінде мінез-құлық ережелері бойынша аудиожазба жүргізіледі.
    10. Тест тапсырмаларының жауаптарын бағалау былайша жүзеге асырылады:

          1) ұсынылған бес жауаптан бір дұрыс жауапты таңдау бар тапсырмалар үшін бір балл, қалған жағдайларда - нөл балл беріледі;

          2) ұсынылған жауаптардан бірнеше дұрыс жауаптарды таңдаумен тапсырмалар үшін:

          барлық дұрыс жауаптар үшін -екі балл;

          бір қате үшін - бір балл;

          жіберілген екі және одан да көп қателіктер үшін - нөл балл.

    1. Тестілеу кезінде білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, ұлттық біліктілік тестілеуді өткізуге жауапты ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық біліктілік емтихандарын өткізуді жүзеге асырады:

          1) педагогтер базасын қалыптастыру (өтініштерді қабылдау, ақпараттандыру үшін дербес деректерді енгізу: ЖСН, Т.А.Ә. (болған жағдайда), өтініш берілген біліктілік санаты, тапсыру тілі);

          2) компьютерлік кабинеттердің дайындығын бақылау;

          3) аудиторлық қорды ұсыну;

          4) тестілеу кезінде пайдаланылатын компьютерлерді тестілеу өткізілгенге дейін бір күн бұрын дайындау;

          5) педагогтерді компьютерлік кабинетке рұқсаттама, жеке басын куәландыратын құжат бойынша кіргізу және оларды отырғызу;

          6) өтініш қабылдау, тестілеу өткізу, апелляциялық рәсімдер кезінде бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындау;

          7) тестілеу аяқталғаннан кейін тестілеу нәтижелерін өңдеу және беру;

          8) апелляцияны есепке ала отырып, апелляция жүргізу және нәтижелерді беру.

    1. Ұлттық біліктілік тестілеуді өткізу кезінде білім беру саласындағы уәкілетті органның өкілдері бақылаушы ретінде қатысады.
    2. Тестілеу аяқталғаннан кейін педагог компьютер экранында көрсетілген тестілеу нәтижелерімен танысады.
    3. Тестілеу нәтижесі – осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұлттық біліктілік тестілеуден өткені туралы анықтама – педагогтің жеке кабинетінде көрсетіледі. Педагогтің талабы бойынша тестілеу нәтижесі басып шығарылады, ұлттық біліктілік тестілеуді өткізуге жауапты білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйымы қызметкерінің қолымен және мөрімен куәландырады, қолына беріледі.
    4. Келесі балл алған жағдайда тестілеу нәтижесі оң болып саналады:

          1) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері үшін:

          "Мектепке дейінгі педагогика және психология":

          "педагог-модератор" біліктілік санаты - 50%;

          "педагог-сарапшы" біліктілік санаты - 60%;

          "педагог-зерттеуші" біліктілік санаты - 65 %;

          "педагог-шебер" біліктілік санаты - 70 %;

          "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту әдістемесі":

          "педагог-модератор" біліктілік санаты - 30 % ;

          "педагог-сарапшы" біліктілік санаты - 35 %;

          "педагог-зерттеуші" біліктілік санаты - 40 %;

          "педагог-шебер" біліктілік санаты - 45 %.

          2) Жалпы орта білім беру педагогтері үшін:

          "Оқу пәнінің мазмұны" бағыты бойынша:

          "педагог-модератор" біліктілік санаты - 50%;

          "педагог-сарапшы" біліктілік санаты - 60%;

          "педагог-зерттеуші" біліктілік санаты - 65 %;

          "педагог-шебер" біліктілік санаты - 70 %;

          "Педагогика, оқыту әдістемесі" бағыты бойынша:

          "педагог-модератор" біліктілік санаты - 30 % ;

          "педагог-сарапшы" біліктілік санаты - 35 %;

          "педагог-зерттеуші" біліктілік санаты - 40 %;

          "педагог-шебер" біліктілік санаты - 45 %.

          3) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері үшін:

          "Оқу пәнінің мазмұны" бағыты бойынша:

          "педагог-модератор" біліктілік санаты - 50%;

          "педагог-сарапшы" біліктілік санаты - 60%;

          "педагог-зерттеуші" біліктілік санаты - 65 %;

          "педагог-шебер" біліктілік санаты - 70 %;

          "Қызмет бағыты бойынша":

          "педагог-модератор" біліктілік санаты - 50%;

          "педагог-сарапшы" біліктілік санаты - 60%;

          "педагог-зерттеуші" біліктілік санаты - 65 %;

          "педагог-шебер" біліктілік санаты - 70 %;

          "Педагогика, оқыту әдістемесі" бағыты бойынша:

          "педагог-модератор" біліктілік санаты - 30 % ;

          "педагог-сарапшы" біліктілік санаты - 35 %;

          "педагог-зерттеуші" біліктілік санаты - 40 %;

          "педагог-шебер" біліктілік санаты - 45 %.

          4) Қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері үшін:

          "Психология негіздері":

          "педагог-модератор" біліктілік санаты - 50%;

          "педагог-сарапшы" біліктілік санаты - 60%;

          "педагог-зерттеуші" біліктілік санаты - 65 %;

          "педагог-шебер" біліктілік санаты - 70 %;

          "Педагогика, оқыту әдістемесі":

          "педагог-модератор" біліктілік санаты - 30 % ;

          "педагог-сарапшы" біліктілік санаты - 35 %;

          "педагог-зерттеуші" біліктілік санаты - 40 %;

           "педагог-шебер" біліктілік санаты - 45 %.

          5) Әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері үшін:

          "Оқу пәнінің мазмұны":

          "педагог-модератор" біліктілік санаты - 50%;

          "педагог-сарапшы" біліктілік санаты - 60%;

          "педагог-зерттеуші" біліктілік санаты - 65 %;

          "педагог-шебер" біліктілік санаты - 70 %;

          "Педагогика, оқыту әдістемесі":

          "педагог-модератор" біліктілік санаты - 30 % ;

          "педагог-сарапшы" біліктілік санаты - 35 %;

          "педагог-зерттеуші" біліктілік санаты - 40 %;

          "педагог-шебер" біліктілік санаты - 45 %.

          6) Жоғары оқу орындарының және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері үшін жұмысқа алғаш рет қабылданғанда:

          "Оқу пәнінің мазмұны":

          "педагог-модератор" біліктілік санаты - 60%;

          "Педагогика, оқыту әдістемесі":

          "педагог-модератор" біліктілік санаты - 30 % .

          7) білім беру ұйымдарының басшылары үшін:

          "Заңнаманы білу" бағыты бойынша:

          үшінші біліктілік санатты басшы - 60%;

          екінші біліктілік санатты басшы - 65%;

          бірінші біліктілік санатты басшы - 70 %;

          "Басқару құзыреті" бағыты бойынша:

          үшінші біліктілік санатты басшы - 55%;

          екінші біліктілік санатты басшы - 60%;

          бірінші біліктілік санатты басшы - 70 %;

    1. Ұлттық біліктілік тестілеудің нәтижесі бір жылға жарамды.
    2. Ұлттық тестілеу аяқталғаннан кейін педагог нәтижелерімен (негіздемелермен дұрыс және дұрыс емес жауаптармен) танысады және негіздемелермен келіспеген жағдайда республикалық апелляциялық комиссияға ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы апелляция береді.
    3. Бірыңғай өлшемшарттардың сақталуын қамтамасыз ету және тест тапсырмаларын бағалау кезінде даулы мәселелерді шешу, тестілеу өткізу кезеңінде тестіленетін құқықтарды қорғау мақсатында ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы апелляцияларды қабылдауды қамтамасыз ететін Республикалық апелляциялық комиссия өз қызметін жүзеге асырады.
    4. Республикалық апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.
    5. Республикалық апелляциялық комиссия өкілеттігінің қолданылу мерзімі бір жылды құрайды.
    6. Апелляция мынадай жағдайларда қаралады:

          1) тест тапсырмаларының мазмұны бойынша:

          дұрыс жауаптың жоқтығын негіздей отырып келіспеймін;

          дұрыс жауап жоқ;

          барлық ұсынылған жауаптардың ішінен бір дұрыс жауапты таңдау арқылы тест тапсырмаларында біреуден артық дұрыс жауап бар (дұрыс жауаптардың барлық нұсқалары көрсетіледі);

          дұрыс құрастырылмаған тест тапсырмасы.

           2) техникалық себептер бойынша:

          тест тапсырмаларында фрагменттің немесе мәтіннің болмауы.

    1. Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша апелляция берген кезде педагог дәлелді негіздемені (толық түсініктеме) көрсетеді. Әрбір тапсырма бойынша дәлелді негіздемені көрсетпей (толық түсініктеме, тапсырмаларды қадамдық шешу) барлық тест тапсырмаларын қайта қарау бойынша апелляцияға өтініш қарауға жатпайды.
    2. Республикалық апелляциялық комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді, оған төраға, хатшы және комиссия мүшелері қол қояды. Республикалық апелляциялық комиссия отырыстарының хаттамалары тестілеуді өткізуге жауапты ұйымда бір жыл бойы сақталады.
    3. Онлайн-қабылдау режимінде қаралған апелляция нәтижелері бойынша жеке кабинетте апелляцияны есепке ала отырып, нәтижелер көрсетіледі.
    4. Тестілеудің теріс нәтижесін көрсеткен аттестатталушылар аттестаттаудың екінші кезеңіне жіберілмейді.
    5. Ұлттық біліктілік тестілеудің оң нәтижесі болған жағдайда педагогтің өтініші негізінде (қолданыстағы санат мерзімі өткенге дейін) одан әрі аттестаттау рәсімі:

           педагогтер үшін – "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес біліктілік санатын беру (растау);

          білім беру ұйымдарының басшылары үшін - осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес жүргізіледі.

    1. Аттестаттау бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша:

          Педагог облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі - ЖАО) немесе білім беру ұйымдарына не "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы;

          республикалық білім беру ұйымдарының педагогі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне, республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына не Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш ұсына алады.

    1. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметті) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары көрсетеді.
    2. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - республикалық білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілік санаттарын беру (растау) жөніндегі мемлекеттік қызметті) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары көрсетеді.
    3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметтер көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 7, 8-қосымшаларға сәйкес педагогтерді, оның ішінде республикалық білім беру ұйымдарының педагогтерін аттестаттау жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тиісті стандарттарында келтірілген.
    4. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтерін Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
    5. Өтініш беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды берген жағдайда, ЖАО-ның, білім беру ұйымының, республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымының, білім беру саласындағы уәкілетті органның жауапты қызметкері не Мемлекеттік корпорация қызметкері осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
    6. Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда, өтініш берушіге дайын құжаттарды беру күнін көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі. Қалыптастырылған өтініштерді (құжаттар топтамасымен бірге) Мемлекеттік корпорация тиісті ЖАО-ға, білім беру ұйымына, республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымына не білім беру саласындағы уәкілетті органға жібереді.

    Толығырақ оқу...

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки