Меню KDT

logo.jpg?_=1686148576

 

 
  • kz
  • ru
  • Мемлекеттік қызмет көрсету туралы регламент пен стандарт

    Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау

                                                                                                                                                                

    Қазақстан Республикасы
    Білім және ғылым министрінің
    2020 жылғы 24 маусымдағы
    № 264 бұйрығына
    қосымша

     

    Бастауыш, негізгі орта және
    жалпы орта білімнің жалпы
    білім беретін оқу
    бағдарламаларын іске асыратын
    білім беру ұйымдарына оқуға
    қабылдаудың үлгілік
    қағидасына
    1-қосымша

    "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметті көрсету стандарты

     

    1

    Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

    Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

    2

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

    1) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы;
    2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

    3

    Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

    Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ портал арқылы жүгінген сәтінен бастап – қолхат алу үшін бір жұмыс күні;
    Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына қабылдау үшін:
    сырттай және кешкі оқу нысанына – 30 тамыздан кешіктірмей;
    1-сыныпқа – 1 сәуірден 1 тамыз аралығында.

    4

    Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

    Электронды / қағаз түрінде

    5

    Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері

    Құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру және осы орта білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық шығару Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.
    Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында білім беру ұйымына қабылданғаны туралы хабарлама келеді.
    Көрсетілетін қызметті беруші қабылдау барысында ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап өз аумағынан өтініш берген үш көрсетілетін қызметті алушыға, содан кейін - басқа аумақтан алдыңғы тіркелгендер қатарынан 1 (бір) үміткерге ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап қабылданғаны туралы хабарлама жолдайды.
    Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту кезінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себептерін көрсете отырып, дәлелді жауап жолдайды.
    Көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі үшін қағаз жеткізгіште жүгінген кезде нәтиже қағаз жеткізгіште ресімделеді.

    6

    Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

    Тегін

    7

    Жұмыс кестесі

    1) көрсетілетін қызметті беруші - 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
     2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
     Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
    1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
    2) www.egov.kz порталында орналасқан.

    8

    Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

    көрсетілетін қызметті берушіге:
    1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес өтініш;
    2) жеке басын растайтын құжаттың түпнұсқасы (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі),
     3) денсаулық жағдайы туралы анықтама ("Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 063/у нысан (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) және "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен бекітілген № 026/у-3 нысан (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген));
    4) баланың 2 данада 3х4 см өлшеміндегі фотосуретi;
    Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау үшін заңды өкілдерінің келісімі болған жағдайда педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы қосымша беріледі.
    Шетелдік және азаматтығы жоқ көрсетілетін қызметті алушылар өздерінің мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар мынадай құжаттардың бірін ұсынады:
    1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;
    2) азаматтығы жоқ адам – азаматтығы жоқ адамның жеке куәлігі;
    3) босқын – босқын куәлігі;
    4) пана іздеуші – пана іздеуші адамның куәлігі;
    5) оралман – оралман куәлігі.
    Порталға:
    1) көрсетілетін қызметті алушының нақты тұрғылықты жері көрсетілген, оның өкілінің ЭЦҚ қойылған көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (немесе оның заңды өкілдерінің) бірінің электрондық құжат нысанындағы өтініші;
     2) денсаулық жағдайы туралы анықтамаларының ("Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 063/у нысан (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) және "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен бекітілген № 026/у-3 нысан (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген)) электрондық нұсқасы;
    4) баланың 3х4 см өлшеміндегі сандық фотосуретi.
    Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын растайтын құжат, баланың туу туралы куәлігі, мекенжай анықтамасы туралы мәліметтерді "электронды үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
    Көрсетілетін қызметті алушының порталы арқылы жүгінген кезде "жеке кабинетіне" ЭЦҚ-мен расталған электронды құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұратудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жолданады.
    Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында қарастырылған тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолдану мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

    9

    Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
    мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартуы

    1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
     2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынған құжаттарының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 546 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17553 тіркелген) Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
    3) сынып-жинақталымының шамадан тыс толуы.

    10

    Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы ұсыну ерекшеліктерін ескеретін өзге де талаптары

    Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 15 (жиырма) минут.
    Қызмет көрсетудің ең ұзақ мерзімі 15 минуттан аспайды.
    Көрсетілетін қызметті алушы ата-анасының (заңды өкілдерінің) ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
    Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы, және бірыңғай байланыс-орталығы (1414), 8-800-080-7777 арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар.
    Үшінші тұлғалардың қызмет алу шарттары:
    Порталдағы "жеке кабинеттен" ақпарат сұралатын тұлғаның келісімімен, үшінші тұлғалардың электрондық сұранысы.

     

     

    "Бастауыш, негізгі орта, жалпы
    орта білім беру бағдарламалары
    бойынша ведомстволық
    бағыныстылығына қарамастан
    білім беру ұйымына
    құжаттарды қабылдау"
    мемлекеттік қызмет көрсету
    стандартына
    1-қосымша

     

    Нысан

     

    _______________________
    Оқу орынының атауы
    Басшысына
    _______________________
    Аты-жөні (толық)

     Қолхат

           білім беру ұйымының көрсетілге н қызметті алушыдан құжаттарды алғаны туралы

           _________________________________________________________________

           (білім беру ұйымының толық атауы)

           __________________________________________________________________

          (елді мекеннің, ауданның, қаланың және облыстың атауы)

           №___________________ құжаттарды қабылдау туралы қолхат

           келесі құжаттар _____________________________алынған:

           (көрсетілген қызмет алушының Т.А.Ә.)

    1. өтініш
    2. басқа ________________________________________________________

           _______________________________________________________________

           Өтінішті қабылдау күні __________________________________________

           _______________________________________________________________

           Т.А.Ә. (болған жағдайда) (құжатты қабылдаған жауапты)

           _________________________________                   (қолы)

           Телефон _____________________________________________________

           ______________________________________________________________

          Алдым:             Т.А.Ә. (болған жағдайда)/көрсетілген қызметті алушы)

          "___" _________ 20__ жыл

     

     

    "Бастауыш, негізгі орта, жалпы
    орта білім беру бағдарламалары
    бойынша ведомстволық
    бағыныстылығына қарамастан
    білім беру ұйымына
    құжаттарды қабылдау"
    мемлекеттік қызмет көрсету
    стандартына
    2-қосымша

     

    Нысан

     

    _______________________
    Оқу орнының атауы
    Басшысына
    _______________________
    Аты-жөні (толық)

     Өтініш

           Менің ұлымды / қызымды (баланың Т. А. Ә. (болған жағдайда))

           ______________________________________________________________

           _____ сынып __________________________________________________

           (білім беру ұйымының толық атауы)

           _____________________________________мекенжайы бойынша тұратын

           _______________________________________________________________

           (елді мекеннің, ауданның, қаланың және облыстың атауы)

           ______________________________________________________________

          оқыту үшін

           Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін

           ______________                   "___" ________ 20__ жыл

          (қолы)

     

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки