|
Қазақстан Республикасы |
"Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) жеке сәйкестендiру нөмiрi - жеке тұлға, соның iшiнде өзiндiк кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын дара кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;
3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе (бұдан әрі - портал);
4) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы (бұдан әрі - ЭЦҚ).
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы өтінішті қабылдаудан бас тартады.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Мемлекеттік қызметті тікелей көрсеткен көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.
|
"Жетім баланы және (немесе) |
|
Нысан |
|
____________________________
|
Өтініш
Бала _____________________________________________________________
(баланың (балалардың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), туған күні)
асырап алуға байланысты біржолы ақшалай төлем тағайындауды сұраймын.
Тегі ___________________________ Аты _________________________________
Әкесінің аты (бар болғанда) _____________ Мекенжайы ____________________
Соттың атауы _______________________________________________________
Соттың 20___ жылғы "___"_____________ № _______ шешімі
Бала асырап алушының жеке басын куәландыратын құжаттың түрі ___________
__________ сериясы _________ нөмірі __________ кім берген _______________
Жеке сәйкестендіру нөмірі ____________________________________________
Жеке шотының № ____________________________________________________
Банктің атауы ________________________________________________________
Дәйексіз мәліметтер мен жалған құжаттарды ұсынғаным үшін жауаптылық туралы ескертілді.
Ақпараттық жүйелерде сипатталған "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңымен құпия қорғалатын мәліметтерді қолдануға келісемін.
20 ___ жылғы "___" ______ Өтiнiш берушiнiң қолы _______________
|
"Жетім баланы және (немесе) |
"Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары |
2 |
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. |
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
5 (бес) жұмыс күні |
4 |
Көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған) түрінде |
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау туралы шешім не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 |
Көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және оны алу тәсілдері |
Тегін |
7 |
Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі аралықтағы түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8 |
Құжаттардың тізбесі |
1) өтініш; |
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша бала асырап алудың күшін жою; |
10 |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті" арқылы алуға мүмкіндігі бар. |
|
"Жетім баланы және (немесе) |
|
Нысан |
Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау туралы шешім
№____ 20 ___ жылғы "___" _______________
____________________________________________________________________
(органның атауы)
Азамат (ша) __________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда))
Жүгінген күні _______________________________________________________
Асырап алынған баланың (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)) ___________
Асырап алынған баланың туған күні ___________________________________
Асырап алынған баланың туу туралы куәлігі (туу туралы актінің жазбасы)
№ ______________________ берiлген күнi _____________________________
баланың туу туралы куәлiгiн (туу туралы актiнің жазбасын) берген органның атауы
_______ 20 ___ жылғы "___"_________бала асырап алу туралы соттың шешімі.
Бала асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемнің тағайындалған сомасы
____________________________________________________ теңгені құрайды
(сомасы жазбаша)
себебі бойынша біржолғы ақшалай төлем тағайындаудан бас тартылды.
Мөрдің орны (бар болғанда)
Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент
қалаларының, облыстық маңызы бар
аудандар мен қалалардың жергілікті
атқарушы органның басшысы _____________________________
(қолы) (тегі)