Меню KDT

logo.jpg?_=1686148576

  • kz
  • ru
  • Все новости

    ✍ Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У ! ! !


    Бос лауазымға тағайындау үшін ашық конкурс жарияланады!

    1. «Атырау облысы білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің «Жалпы білім беретін Қ.Смағұлов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Атырау қаласы, Қайыршақты ауылдық округі, Томарлы ауылы, Қ.Смағұлов көшесі ғимарат 17А.

    Анықтама телефон нөмірі 8(7122)391266, электрондық мекен-жайы: smagulov@edu.mail.kz

    1. Мұғалім-дефектолог 1 маман (тұрақты, қазақ);
    2. Лауазымдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» N 338 бұйрығына сәйкес лауазымдық міндеттері.
    3. Біліктілікке қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» N 338 бұйрығына сәйкес Біліктілікке қойылатын талаптар.
    4. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі және қабылдау орны: хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде 10.11-18.11.2022 ж. (дүйсенбі-жұма, сағат 9.00-13.00, 14.00-18.00) аралығында қабылданады.
    5. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

    Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің                       2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» №57 бұйрығы негізінде жүргізіледі.

    Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

    1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

    2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

    3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

    4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

    5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

    6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (жеке медициналық кітапша – сан.книжка / рентген, терапевт, допуск).

    7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

    8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

    9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік.

    10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

    11) Бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

         Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

    12) Соттылығының жоқ (бар) екендігі туралы анықтама ұсынады.

    1. Бос лауазымға және уақытша бос лауазымға конкурсқа қатысушы хабарландыруда көрсетілген құжаттарды 10.11-18.11.2022 ж. (дүйсенбі-жұма, сағат 9.00-13.00, 14.00-18.00) аралығындағы қабылдау мерзімінде электрондық түрінде жолдайды немесе қағаз түрінде көрсетілген мекен-жайға ұсынады.

    Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

    24.06.2023
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки