Меню KDT

logo.jpg?_=1686148576

  • kz
  • ru
  • Все новости

    «Қазіргі заманғы теориялық және тәжірибелік дағдылар-сапалы білім берудің негізі» тақырыбындағы қалалық педагогикалық оқулар байқауы өткізілді

    Атырау қалалық білім бөлімінің жылдық жоспарына сай, білім беру саласы қызметкерлерінің педагогикалық шеберлігін арттыру, үздік инновациялық педагогикалық тәжірибелерді жинақтап, кеңінен тарату, шығармашылық педагогтарды айқындау мақсатында 2020 жылдың 25 ақпанында «Қазіргі заманғы теориялық және тәжірибелік дағдылар-сапалы білім берудің негізі» тақырыбындағы қалалық педагогикалық оқулар байқауы өткізілді. 

    Педагогикалық оқу ережесіне сай 15 секция жұмыс жасады. Әр секцияның қазылар алқасының шешімімен мұғалімдер І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталып, жүлделі І орын алған мұғалімдер наурыз айында өтетін облыстық педагогикалық оқулар байқауына жолдама алды. Байқауға қатысушы әріптестерімізге сәттілік тілейміз!

    Педагогикалық оқуға сұраныс берген мұғалімдердің баяндамалары «Антиплагиат» бағдарламасымен тексеріліп, 31 жұмыс кері қайтарылды, яғни 294 мұғалімнен сұраныс түсіп, оның 263 жұмыс тыңдалды.

    23.06.2023
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки